24 Сәуір 10:16

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады.

Алматы, NEGE.ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингт атап өткендей, үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда.

«Осы сағатта республика бойынша 31 112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде. 5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді», – деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.