4 Мамыр 11:55

Адвокат Игорь Вранчев Бишімбаевты «Чикатиломен» салыстырды

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаев пен Чикатилоның мінез-құлқынан ортақ белгілерді анықтағанын атап өтті.

Оның пікірінше, сотталушы қызғаныштың кесірінен азаматтық некедегі әйеліне қорлық көрсеткен.

«Чикатило не себепті алам өлтірді? Оның түсіндіруге келмейтін өзіндік себептері болды, ол тек өлтіргісі келді. Бұл жерде де сондай жағдай. Бірақ қызғаныш оны мазақ етуге және қорлауға мәжбүр етті. Бишімбаев – ұзын бойлы, салмағы 100 килограмм болатын еркек. Сонда ол соққысынан адам өледі немесе мүгедек болып қалады деп болжаған жоқ па? Ол мұны өте жақсы білді, бірақ оған немқұрайлы қарады», – деді адвокат.