4 Мамыр 13:50

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеді

Су деңгейі
Фото: ғаламтордан

Судың қазіргі деңгейі – 7 м 99 см. Осыған орай, өңірге жұмылдырылған қосымша күш-құралдар өз облыстарына және Атырау облысына қарай бағытталды. Бұл туралы БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і – 18 жасқа толмаған балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 345 адам орналасқан, оның 1017-і – бала. 3 752 адам өз үйлеріне оралды», – деді спикер.

Қазіргі таңда облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.