30 Сәуір 05:19

6 мамырдан бастап көлік жүргізушілері жаңа ережемен жүреді

Жол ережесі
Фото: ғаламтордан

6 мамырдан бастап жол жүру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Алматы, NEGE. Ол жерде жолдағы қауіпсіздікті нығайтуға арналған бірнеше заң қабылданған. Енді біржолақты жолда, көлікті басып озғандарға жаза қатаңдатылды. Олар бұрынғыдай айыппұлмен құтылмайды. Жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.

Сондай-ақ енді қоғамдық көлік жүретін арнайы жолақта енді автобус қана жүрмейді. Жолаушылар орындығының саны 8-ден жоғары болған көліктерге де рұқсат беріледі.

Сонымен қатар электромобиль иелері арнайы белгі жапсыруы тиіс болады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тротуарларға электрлі самокаттардың жүрісіне тыйым салынады деген белгі қойылатын болады.