24 Сәуір 14:24

Түркістан облысында қыз зорлаған жасөспірім ұсталды

Зағамбар ауылы
Фото: ғаламтордан

Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында «Жоғары сынып оқушылары бір қызды зорлады» деген ақпарат тарап, іле-шала ауылда шу шығып, екі көлік және бірнеше қора өртенгені туралы айтылды.

Алматы, NEGE. Оқиға 24 сәуір түнгі сағат 2 шамасында болған. Ауылды күштік құрылымдар қоршаған, интернет желімі өшірілген. Осыған орай, Түркістан облыстық полиция департаментінің айтуынша, қазір ауылдың бір оқушысы тергеліп жатыр. 5,4 мың тұрғыны бар Зағамбар ауылында 4 мыңға жуық өзбек тұрады.

«Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмаған оқушыларға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Бұл іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаменті.

– Полицияға Төлеби ауданындағы ауылдың бірінде шаруашылық құрылыстары мен бірнеше автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Күдіктілер дер кезінде ұсталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді, – деді баспасөз қызметінен.