3 Мамыр 14:18

Президентке Қарулы Күштердің жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов жауынгерлік тапсырмаларды өз деңгейінде орындау үшін базада барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Президент әскери қалашықтың Даңқ залына барып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Авиабазаның Астана әуе айлағында орналасуы жеке құрам мен техниканы қажет жеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әуеден барлау жүргізу, зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде Ұлттық ұланның бөлімшелеріне авиациялық қолдау көрсетеді.