3 Мамыр 15:16

Эльжана Таниева Париж олимпиадасына іріктеуден өтті

Эльжана Таниева
Фото: Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Олимпиада квотасына қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.