4 Мамыр 05:59

Алматыда фандомат пайда болды

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Панфилов көшесінде пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкалар қабылдауға арналған фандомат іске қосылды.

Алматы, NEGE. Жиналғаннан кейін олар қайта өңдеуге жіберіліп, пайдалы тауарлар жасалады. Бұл жоба бұрын қоқыс болған шикізатты қайтадан кәдеге жаратуға арналған. 

Жоба Алматы әкімдігінің қолдауымен Freedom Holding Corp компаниясының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Фандоматты іске қосу рәсіміне қатысқан қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров арықтардан күн сайын 60 тонна қоқыс шығарылатынын, оның 30%-ы пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкалар екенін айтты.

Tastamat әзірлеген фандомат қаптаманың сан алуан түрін тануға қабілетті жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған.

Тұрғындардың Фридом банкінің картасына ақша алуға немесе қайырымдылыққа жіберуіне мүмкіндігі бар.

Алматы мен Астанада пайда болатын 100 фандомат экологиялық мәдениет пен әдетті қалыптастыру, қалдықтарды азайтуға ықпал етеді.

 CEO Freedom Holding Corp. Тимур Турлов қоқысты азайтудың және ресурстарды тиімді пайдалануға көшудің маңыздылығын атап өтті. Жоба қалдықтарды кәдеге жаратумен бірге, айналымдағы экономикаға көшуді көздейді.