3 Мамыр 11:15

Алматыда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қалай тойланады?

Алматы
Фото: gov.kz

Биыл Қазақстан Қарулы Күштеріне 32 жыл толды.

Алматы, NEGE. Алматыда Отан қорғаушы күніне орай мынадай іс-шаралар жоспарланған:

Әуезов ауданы:

— 3 мамыр күні сағат 10:00–де Алматы республикалық әскери мектебінде «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» мерекелік іс-шара.

Түрксіб ауданы:

— 6 мамыр күні сағат 15:00–де — ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында концерт.

Наурызбай ауданы:

— 6 мамыр сағат 10:00–де — 2027 әскери бөлімінде әскери қызметшілерді марапаттау және сарбаздардың ант беру рәсімі.

Бостандық ауданы:

— 7 мамыр күні сағат 09:00–де — Попов, 1а мекенжайында «Ел ертеңі — бүгінгі жастар» салтанатты іс-шарасы.

Алмалы ауданы:

— 6 мамыр — № 120 гимназияда «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойындарынан жарыс және № 55 мектепте саптық жүріс және ән байқауы

Жетісу ауданы:

— 7 мамыр сағат 11:00–де — «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтарын қою

Алатау ауданы:

— 7 мамыр күні сағат 11:00–де — «Ер есімі — ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою.

Медеу ауданы:

- 5 мамыр 12:00 – КСРО спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир

- 6 мамыр 9:00 – Қорғаныс істері жөніндегі басқармада (Райымбек даңғылы, 55) әскери қызметкерлерді марапаттау және концерт.