2 Мамыр 13:16

Жүзуден Қазақстан командасы Түркия чемпионатында сынға түседі

Жүзу
Фото: Olympic.kz

Жүзуден Қазақстан командасы ересектер арасындағы Түркия чемпионатында бақ сынайды, деп жазады Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Әйелдер арасында Диана Тасжанова, София Сподаренко, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Даниела Дю жарыс жолына шығады.

Ерлер арасында Әділбек Мусин, Арсен Қожахметов, Егор Василенко, Максим Сказовцов, Даниил Черепанов, Егор Попов жүлдеге таласады.

Түркия біріншілігі 2-4 мамыр аралығына жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін жүзуден Қазақстан командасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Жаттығу жиыны үш аптаға созылды.