30 Сәуір 19:00

Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы қыз зорлады деген айыппен 11 жылға сотталды

Күштібаев
Фото: 018.kz

Талдықорған қалалық соты Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматы, NEGE. Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс қызметтік міндеттерін атқару кезінде жәбірленушіге күш қолданып зорлау фактісі бойынша (ҚК 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы) қаралды.

Айыптау актісіне сәйкес, 2023 жылдың 12 қарашасында К. Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы бола тұра полиция бөлімінің ғимаратында, атап айтқанда, өз кабинетінде зорлау, яғни жәбірленушіге күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскен.

«Сот үкімімен Күштібаев Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 5 тармағымен кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес ол полиция полковнигі арнаулы атағынан айырылды» деп хабарлады Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.