4 Сәуір 13:50

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы көмекке барған құтқарушы қайтыс болды

ТЖМ
Фото: ТЖМ

2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қалалық аудандық аурухананың реанимация бөлімінде 1978 жылы туған Түркістан облысының ТЖД қызметкері қаза тапты, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД.

Алматы, NEGE. Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысынан су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген.

«Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуірде кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды. Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады», – делінген хабарламада.