30 Сәуір 14:41

Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады

Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады.

Алматы, NEGE. Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті.

– Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады.

Президент бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті.