30 Сәуір 17:44

Қазақстанда «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Qazaqstan
Фото: Qazaqstan

«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетілетін «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны сағат 17:00-ден басталып түнгі 22:00-ге дейін жалғасады.

Алматы, NEGE. Телемарафонның басты кейіпкерлері – табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

Мемлекеттік органдардың өкілдері су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, материалдық залалды өтеу, инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етеді.

Онлайн трансляция телеарналардың ресми сайттарында, Facebook және YouTube желілерінде жүргізіледі.