1 Мамыр 14:55

Қазақстан халқының бірлігі күні: Ерболат Досаев су тасқынына қарсы күреске қатысушыларды марапаттады

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Алматы, NEGE. Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін БҚО-ға іссапармен жіберілген еріктілерге, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдірді.