19 Сәуір 10:17

Қазақ спортшыларының Париж Олимпиадасына киетін спорттық формасы таныстырылды

Олимпиада
Фото: gov.kz

Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда («Спорттық форма», «Салтанатты спорттық форма», «Ту ұстаушылардың спорттық формасы») жеңімпаздар белгілі болды.

Алматы, NEGE. Бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін ұсынған болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.

Олимпиада
Фото: Gov.kz

Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшылар және БАҚ қызметкерлері болды.

Олимпиада
Фото: gov.kz
Олимпиада
Фото: gov.kz