4 Сәуір 15:23

Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Теннис
Фото: Olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Алматы, NEGE. Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар алғашқы айналымнан оңай өтті.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде аргентиналық Педро Качин – испаниялық Педро Мартинезді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.