1 Мамыр 15:50

Астанада ер адам ойыншық тапаншаны қолданып, ақша айырбастау пунктін тонамақ болған

Тапанша
Фото: ғаламтордан

Астана полиция департаменті ақша айырбастау пунктінде қарақшының ұсталғаны туралы хабарлады.

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шабуыл жасаған адам көп ұзамай анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Күдікті өзінің қылмыстық жоспарын орындай алмады, өйткен кассир "дабыл түймесін" басқан, мұны естіген қарақшы із суытып үлгерген.

Сондай-ақ Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ер адамнан ойыншық тапанша тәркіленгенін хабарлады. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.