1 Мамыр 14:24

Қытайдың оңтүстігінде тас жолдың бір бөлігі опырылып, 18 көлікті топырақ басып қалды

CCTV
Фото: CCTV

Үйінді астынан 31 адам шығарылып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында тас жолдың бір бөлігі опырылып, 18 көлік үйінді астында қалды.

Оқиға сәрсенбіге қараған түні Мэйчжоу қаласында болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінді астынан 31 адамды алып шықты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Үйіндіні қазу жұмыстары жалғасып, оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр.